Жазғы уақытта балаларды тасымалдауда инфекциялардың алдын алу

Жазғы уақытта балаларды тасымалдауда инфекциялардың алдын алу

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жазғы демалыс кезеңінің басталуына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және жасөспірім балалардың денсаулығын қорғаудың маңыздылығын ескере отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысы бойынша Дене шынықтыру және спорт басқармасы, сонымен қатар, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар тасымалы жөніндегі «Батыс» аймақтық филиалының  жауапты мамандары, «Absolute technology» ЖШС «Алем саулық» клиникасының дәрігерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жаз мезгілінде өткізілетін спорттық жарыстар мен экскурсиялар кезінде балалар ұжымдарын теміржол көлігімен тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар мен жаппай тамақтан уланудың алдын алу мәселелері талқыланды.

Мамандар санитариялық талаптарды сақтау, тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шаралары және алдын алу бағытындағы ұсыныстар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.