Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 5 мамырды Дүниежүзілік қол гигиенасы күні деп жариялады. Қолдың тазалығы – бұл вирустар мен бактериялардан қорғау ғана емес, сонымен қатар олардың таралуын болдырмайды.
Қол гигиенасын сақтау – медициналық көмекке байланысты инфекциялардың таралуын болдырмаудың оңтайлы тәсілі. Бұл бір қарағанда қарапайым әрекет, бірақ оны медициналық мамандар арасында сақтамау бүкіл әлемде проблема болып табылады.
Гигиена мәселесі бір адамның ғана проблемасы бола алмайды, оның қалауына қарамастан, ол отбасында, әріптестерінің арасында, сыныпта немесе балабақшадағы топта ауыр аурулардың (көбінесе жұқпалы) таралуына себепші болуы мүмкін. Сондықтан стандартты алдын-алу шараларын сақтау - инфекцияның алдын-алудың қарапайым және тиімді әдістерінің бірі болып саналады.
Ережелер қарапайым болғанымен, кей адамдар ғана оларды мұқият сақтауға тырысады. Бірақ, сіздің денсаулығыңыз қолдың қаншалықты дұрыс жуылғанына байланысты. Қол гигиенасына қолды сабынмен жуу, қолға антисептик себу, қолды алкоголь негізіндегі дезинфекциялық құралдармен немесе антисептикалық гельдермен өңдеу жатады. Қоғамдық орындарда (базарлар, дүкендер, сауда орталықтары, кинотеатрлар және т. б.), дәретханадан кейін, сонымен қатар ластанған заттарды (қоқыс шелегі, тазалауға арналған мүкәммал және т.б.) ұстағаннан кейін және тамақтанар алдында қолды мұқият жуу қажет.
Қолыңызды тазалықта ұстап, деніңіз сау болсын! Есіңізде болсын, қолдың тазалығы - бұл сіздің және балаларыңыздың денсаулығының кепілі!