
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 22.04.2025 жылғы №112-НҚ және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының 23.04.2025 жылғы №121-НҚ бірлескен бұйрығы бойынша, Маңғыстау облысындағы халық арасында тиісті контингенттерді обаға қарсы екпемен қамтамасыз ету туралы облыстық семинар өткізілді. Семинарға Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалардың мамандарымен емдеу сауықтыру ұйымдарының дәрігерлерімен эпидемиологтары қатысты. Семинарда Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы М.Рахметова, Маңғыстау обаға қарсы станциясы басшы орынбасары М.Төлегенова, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының, жұқпалы аурулар бөлімінің инфекционист дәрігері З.Сатаева және «Ча-кур»ЖШС-нің эпидемиологы А.Евстратова баяндама жасап, семинар барысында обаның алдын-алу тақырыбына байланысты, емдеу сауықтыру ұйымдырының қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.