
Маңғыстау облысы аумағындағы эпидемиологиялық жағдай 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тұрақты.
Оба, тырысқақ, құтыру, сібір жарасы, туляремия, Конго геморрагиялық қызбасы сияқты аса қауіпті және басқа да карантиндік инфекциялар жағдайлары тіркелген жоқ.
2023 жылдың 9 айында облыс аумағында іш сүзегі, паратиф, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, серозды менингит, қызамық инфекциялармен сырқаттану тіркелген жоқ.
Ағымдағы жылдың 9 айында келесі инфекциялар бойынша сырқаттанушылық деңгейінің төмендегені байқалады: дизентерия – 46,8%, сальмонеллез – 38,8%, жіті ішек инфекциялары – 10 жағдайға; қотыр – 3,8 есеге; дерматомикоз - 2,1 есеге; педикулез – 9 жағдайға; скарлатина – 9 жағдайға; желшешек – 35,0%; энтеробиоз – 2,0 есеге; лямблиоз – 9 жағдайға төмендеді.
Сонымен қатар, кейбір инфекциялық аурулар бойынша сырқаттанушылық деңгейінің өсуі байқалады: ЖРВИ – 13,77 %; тұмау – 3,21 есеге; қызылша – 325 жағдайға; көкжөтел – 73 жағдайға; жіті вирусты гепатиттер – 5,5 есеге; оның ішінде "А" вирустық гепатиті – 8,5 есеге; менингококк -2 жағдайға; эхинококкоз – 10 жағдайға; эпидпаротит - 1 жағдайға; малярия - 1 жағдайға, басқа да бактериялық тағамнан уланулар -2,1 есеге, оның ішінде ботулизм- 5 жағдайға жоғарылады.
Тіркелген жұқпалы аурулардың ошақтарында облыс тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында қарым қатынаста болғандар адамдар медициналық бақылауға алынып, індетке қарсы іс-шаралар толықтай жүргізілуде