Облыстық оқыту семинары (техрег)

Облыстық оқыту семинары (техрег)

2023 жылдың 31 наурызында Маңғыстау  облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  департаментінде  аумақтық басқармалардағы  техникалық регламенттерді бақылау бөлімі мамандарының қатысуымен ZOOM арқылы «Жаңа нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша және 2023 жылдың ІІ-ші жарты жылдығына бақылау мақсатында сатып алу жоспарын жасақтау мәселелері» тақырыбында облыстық оқыту  семинары өткізілді. Семинар барысында Департаменттің техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің   басшысы Ж.Саламатова 2023 жылдан бастап өзгерістер енгізілген нормативтік-құқықтық құжаттарға тоқталды және ағымдағы жылдың ІІ-ші жартыжылдығына арналған өнімдерді бақылау мақсатында сатып алу жоспарының  жасақталуы туралы мәселелер талқыланды. Осы мақсатта Департамент басқарма мамандарына  2021 -2022 жылдары өнімдер қауіпсіздігі мониторингі барысында анықталған сәйкессіздіктерге талдау  жүргізу арқылы өнімдер мен нысандарға іріктеу жасауды тапсырды.