2023 жылдың 20 наурызында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде техникалық регламенттерді бақылау саласының аумақтық басқарма мамандарының қатысуымен ZOOM арқылы «Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау туралы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту» тақырыбында облыстық оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында Департаменттің техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Ж.Саламатова 2022 жылғы тағамға биологиялық белсенді қоспаларға жүргізілген өнімдер қауіпсіздігі мониторингі қорытындысы және тағамға биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) жарнамалау заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жолдары туралы алдағы 2023 жылдың міндеттерін нақтылады.
Департамент басқарма мамандарына бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерде жарнамаланып отырған, тағамға ББҚ-дың міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы бөлігінде айналымына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қоса, мамандарға тағамға БҚҚ жарнамалау туралы заңнаманың сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру алгоритмі негізінде, байқаудың бақылау және қадағалау субъектілеріне бармай профилактикалық бақылау шеңберінде жүзеге асырылатындығы және нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным хаттар жолдану қажеттігі ескертілді.