Қолға арналған антисептиктер

Қолға арналған антисептиктер

     Пандемия кезінде антисептиктер тақырыбы бұрынғыдан да өзекті болды. Біздің күнделікті өмірімізде, әр үйде және кеңседе, көлікте, дүкенде, қоғамдық орындарда қолды тазарту үшін антисептиктерді пайдалану - әр түрлі инфекциялардың алдын алуды қамтасыз етеді.

      Коронавирустық індет бәрімізге қол гигиенасын қадауғалаудың маңыздылығын көрсетті: су мен сабын инфекция қоздырғыштарын теріден сенімді түрде жояды. Бірақ суға қолжетімділік болмаған кезде не істеу керек? Бұл жағдайда дәрігерлер қоздырғыштарды тиімді жоятын тері антисептиктерін (санитайзерлерді) қолдануды ұсынады. Дезинфекциялау құралдары бактерия және өзге де микроорганизмдерден арылудың ыңғайлы баламасы болып табылады.     

Бұл қолға арналған дезинфекциялау құралдар- қолданыстан кейін қол жууды талап етпейтін, үйден шығарда өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайлы дайын ерітінділер.

Қолды зарасыздандыратын дезинфекциялау құралдарының құрамы әр түрлі, бірақ негізінен белсенді компоненттері ретінде спирт (этил, изопропил) немесе хлоркегсидин қолданылады.

Құрамында спирті бар антисептиктер инфекциядан қорғанудың ең тиімді жолы. Мұндай антисептиктердің белсенді ингредиенті спирт болып табылады. Изопропил, пропил, этил немесе олардың қоспасы - дезинфекциялық қасиеттері бар өнімдер. Қажетті антисептикті таңдағанда, препараттың құрамына ерекше назар аударыңыз, атап айтқанда, спирт мөлшері 60-тан 80% -ға дейін болуы керек. Әйтпесе, мұндай антисептикті қолдану теріс нәтиже береді.

Спирттік қоспасы бар бұл өнімдер бактериялардың, вирустардың және патогендік саңырауқұлақтардың кең спектріне қарсы белсенді болып келеді. Әрекет ету принципі микробтық ақуыздарды денатурациялау, яғни табиғи қасиеттерінен, тіршілік белсенділігінен айырылу болып табылады.

Антисептиктер шығарылу формасына (қарай) байланысты:

Спрей - дезинфекциялық ерітінділер көбінесе спирт ерітіндісі мен қарапайым судың көмегімен жасалады. Әдетте олар шағын көлемдегі спрей түрінде болады.  Дезинфекциялық спрейлерді қолдану өте ыңғайлы және қолдың терісін ғана емес, сонымен қатар басқа өнімнің беттерін де өңдеуге мүмкіндік беретін шашыратқышы бар құрал.

Аэрозоль - дезинфекциялық аэрозоль әртүрлі қауіпті микроорганизмдерден қорғау үшін спирттің жеткілікті үлкен пайызын қамтиды. Құрал қысым астында цилиндрде орналасқан, ал  қақпағының болуы аэрозольді шашуға және жеткілікті үлкен аумақты қамтуға мүмкіндік береді.

Гельдер - гельдер бактерицидтік және дезинфекциялық болып бөлінеді. Олардың айырмашылығы -  бактерицидтік гель тек бактерияларды жоя алады, ал антисептикалық әр түрлі вирустармен сәтті күреседі.

Майлықтар - дезинфекциялық майлықтар арнайы спирт құрамына сіңдірілген және вирустар мен бактериялардың кез-келген бетін тазалай алады. Олар кез келген жағдайда айналаңыздағы қауіпсіздікті сақтауға көмектеседі. Мысалы, олар бейтаныс адамдармен байланысқаннан кейін немесе жеткізу қызметі арқылы келген нәрселерді өңдей алады.

Кремдер - антисептикалық гельдерден, аэрозольдерден және майлықтардан басқа, бактерияға қарсы қол кремдері де ұсынылады.

Антисептик қолдану барысында келесі мәселелерді ескеру қажет:

  1. Пайдалануға ыңғайлы және жылдам болуы;
  2. Терінің құрғауын немесе тітіркенуін тудырмауы;
  3. Вирустар мен басқа да микроорганизмдерге қарсы тиімділігі;
  4. Қолдану үшін қолайлы өлшемде және көлемді болуы;
  5. Тұрақты әсерге ие болу;
  6. Ағзаға теріс әсер етпеуі, аллергиялық реакцияларды немесе белгілі бір мутацияларды тудырмауы керек.