
Семинар барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары туралы мәселелер қаралды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары туралы баяндаманы Департамент басшысының орынбасары К. Матаева жасады.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы баяндаманы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Ш. Турикпенбаева жасады.