
Семинар барысында міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі мен мерзімдері, медициналық қарап-тексеру нәтижелерін ақпараттық жүйелерге енгізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің ықпалдасу мәселелері қаралды.
Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары Б. Сатқанбаева семинарды ашып, қатысушыларға алғы сөз сөйледі. Білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Ж. Сейдахметова және тамақ объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы Г. Манашева тиісті бағыттар бойынша түсіндірме берді.
Семинарға Zoom платформасы арқылы облыстың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының және тиісті мамандарының қатарынан 85 адам қатысты.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ақпараттық жүйелермен жұмыс жүргізу бойынша пікір алмасу өткізілді.