
Кеңесті департамент басшысы М.У. Сербаев жүргізді. Кеңеске департамент басшысының орынбасары, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары онлайн форматта қатысты.
Жұмыс кеңесінің күн тәртібінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ басқарма басшыларының бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде иммунопрофилактика мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысы қаралды.
Кеңес барысында жергілікті медициналық ұйымдардағы вакциналар қорының жеткіліктілігі туралы ақпарат тыңдалып, эпидемиологиялық маңызы бар мәселелердің бірі – қарақұрт шағуының алдын алу, тіркеу есебін жүргізу және медициналық ұйымдарды қарақұртқа қарсы сарысумен қамтамасыз ету жағдайы талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауға алу тапсырылды.