
Кеңесті департамент басшысы М.У. Сербаев жүргізді. Кеңеске департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары, бөлім мамандары, сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары онлайн форматта қатысты.
Күн тәртібінде облыстағы эпидемиологиялық ахуал және эпидемияға қарсы атқарылған іс-шаралар, сондай-ақ иммунопрофилактика, туберкулез бойынша мониторингті жүзеге асыру барысы және білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижелері қаралды.
Кеңес барысында облыстағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалып, инфекциялық аурулардың алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалу барысы талқыланды. Сонымен қатар, халықты иммундау көрсеткіштері, туберкулезге қарсы профилактикалық және бақылау шараларының жүзеге асырылуы, сондай-ақ мектептерде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша өзекті мәселелер қарастырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, анықталған кемшіліктерді жою және бақылау жұмыстарын күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар жүктелді.