2026 жылғы 10 маусым күні Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бірлескен бұйрығына сәйкес, Мұнайлы аудандық ауруханасында «Маңғыстау облысы аумағындағы денсаулық сақтау ұйымдарында ауруханаішілік инфекциялардың бұрқ ету жағдайларын алдын алу, инфекциялардың профилактикасы, инфекциялық бақылаудың озық тәжірибелерін енгізу туралы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Іс-шараны Маңғыстау облысының СЭБД басшысының орынбасары Б.Т. Сатқанбаева ашты. Семинар барысында Маңғыстау облысының СЭБД ауруханаішілік жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ж.Ж. Тилеубергенова «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу: мәселенің қазіргі жағдайы. Медициналық мекеме деңгейінде ИПИБ бағдарламасын енгізу», Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эпидемиологы М.Ж. Қадыр «Инфекциялық бақылаудың кешенді бағдарламасы» тақырыптарында баяндама жасады. Мұнайлы аудандық ауруханасының эпидемиологы Ж.Ж. Баспаева «Мұнайлы аудандық ауруханасы деңгейіндегі инфекциялық бақылау жүйесі, инфекциялық бақылаудың тиімді құралдары және атқарылған жұмыстар» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, Мұнайлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы С.Н. Орамалова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тәжірибеде қолданылу ерекшеліктеріне тоқталды.
Семинарға облыстың медициналық ұйымдарының басшылары, басшы орынбасарлары, госпиталдық эпидемиологтар және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты. Іс-шара барысында инфекциялық бақылауды жетілдіру, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және нормативтік-құқықтық актілерді тәжірибеде қолдану мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, тәжірибелік ұсыныстар мен пікір алмасу жүргізілді.