Іс-шара барысында Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Г.С. Шорбасова, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің басшысы Ж.М. Сейдахметова және Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қ.Қ. Есмурзаева сөз сөйлеп, жұқпалы аурулардың алдын алу, вакцинацияның маңыздылығы, оқушылардың дұрыс тамақтану стандарты, сондай-ақ инфекциялық емес аурулардың (семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары) профилактикасы тақырыптарын кеңінен түсіндірді.