
Кеңес барысында Түпқараған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нұркен Қайрбекұлы Бегендик 2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша баяндама жасап, иммунопрофилактика мен туберкулез ауруына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар, Түпқараған орталық аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Нұрзия Елдосовна аудан тұрғындарының екпемен қамтылу деңгейі мен туберкулез ауруы бойынша қалыптасқан жағдай жөнінде ақпарат ұсынды.
Үйлестіру кеңесі барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті сала мамандары тарапынан ұсыныстар айтылды.
Кеңеске қала және ауыл әкімдері, аудандық білім бөлімі, ауданға қарасты емдеу-сауықтыру мекемелерінің өкілдері (Түпқараған орталық аудандық ауруханасы, Жоламан және Абылхайырхан медициналық орталықтары), эпидемиолог мамандар, сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қатысты.
Кеңес соңында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, бірқатар маңызды мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Өсер Тоқтағанұлының тапсырмасына сәйкес, хаттамалық шешім негізінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, оны орындау тиісті мекемелерге міндеттелді.