Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Куркинбаева Гульнар Утебаевна қатысуымен, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Т.А. Алтынғалиевтің төрағалығымен иммунопрофилактика және туберкулез ауруының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Маңғыстау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Д. Ашықбаева 2026 жылдың алғашқы үш айындағы ауданның эпидемиологиялық ахуалы туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының эпидемиологы Н. Бисалиев аудан бойынша 2026 жылдың үш айындағы халықтың екпемен қамтылу деңгейі жөнінде ақпарат берді. Ал аудандық орталық аурухананың фтизиатры А. Байзакова туберкулез бойынша қалыптасқан жағдай туралы баяндады.

Аталған мәселелер кеңінен талқыланды.

Іс-шараға ауыл әкімдері, бөлім басшылары, аудандық орталық аурухана директорының міндетін атқарушы М. Айтыматов, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен эпидемиологтар қатысты.

Кеңес соңында қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Хаттамаға сәйкес іс-шараларды орындау бойынша жоспар жасақталып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.