Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2026 жылғы 6 мамыр күні офлайн/онлайн форматта Маңғыстау облысы аумағында тіркелген менингококк инфекциясы, сырқаттанушылық деңгейі және алдын алу шаралары, Хадж және Умра қажылығын өтеушілер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері және «Құрбан айт» мерекесі кезінде топтасқан тағамнан улану, жіті ішек инфекциясының және аса қауіпті аурулардың алдын алу тақырыбында облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Сауд Арабиясына қажылық сапарларын ұйымдастыру аясында менингококк инфекциясының алдын алу шаралары туралы мамандарды және діни қызметкерлерді хабардар ету, халықтың денсаулығын қорғау, діни іс-шаралар мен мерекелер кезінде жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу және санитариялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Іс-шара аясында Қазақстанда және әлемде менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал, осы инфекцияға қарсы вакцинацияның өзекті мәселелері, Хадж және Умра қажылығын өтеушілерге қойылатын талаптар, азаматтардың денсаулығын қорғау шаралары және «Құрбан айт» мерекесі кезінде тағамнан улану, жіті ішек инфекциялары және аса қауіпті аурулардың алдын алу шаралары талқыланды.

Семинар-кеңес Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. Б. Сатканбаеваның алғы сөз сөйлеуімен басталды. Одан әрі Маңғыстау облысының бас имамы А.І. Елжанов «Хадж және Умра қажылығын өтеушілерге қойылатын талаптар. Мәселелер мен оларды шешу жолдары» бойынша сөз сөйледі.

Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Г. Шорбасова өңірдегі менингококк инфекциясы мен ішек инфекциялары бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, аурулардың алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады.

Семинарға қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, бөлім басшылары, сондай-ақ қалалық, аудандық орталық мешіт имамдары, наиб имамдар қатысты.