Аталған семинарға емханалар басшыларының орынбасарлары, эпидемиологтар, инфекционист дәрігерлер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, телім мейірмекелері сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.
Семинар барысында бірқатар сала мамандары баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда:
– Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Шорбасова Г.С.;
– Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімше меңгерушісі, облыстық штаттан тыс бас инфекционист Нұржанова Г.А.;
– Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Қадыр М.Ж.;
– Бейнеу аудандық көпбейінді орталық ауруханасы басшысының ана мен бала ісі жөніндегі орынбасары Мархабаева А.Т.
Семинарда иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері талқыланып, вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңызы ерекше атап өтілді.