Кеше Ақтау қаласы әкімдігінде санитариялық-эпидемиологиялық ахуал мен халықты жоспарлы иммундау мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеше Ақтау қаласы әкімдігінде санитариялық-эпидемиологиялық ахуал мен халықты жоспарлы иммундау мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Кеңеске Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сербаев Мұхтар Үбәйтжанұлы мен Ақтау қаласының әкімі Байқапов Әбілқайыр Жаңайұлы қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарады.
Жиын барысында Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қ. Есмурзаева және медициналық ұйымдар басшыларының баяндамалары тыңдалды. Кеңесте қала аумағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, халықты жоспарлы екпелермен уақытылы қамту деңгейі талқыланып, жауапты лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған негізгі жұмыс бағыттары айқындалды.