Аталған іс-шараны Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Куркинбаева Гульнар Утебаевна мен Жаңаөзен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сымбат Жексенбай бірлесіп өткізді.
Семинар барысында иммундаудың маңыздылығы атап өтіліп, вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, туберкулез ауруының алдын алу шаралары мен өңірдегі эпидемиологиялық ахуал талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жауапты мамандарға эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және аурулардың алдын алу бағытында бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, тиісті ұсыныстар айтылды.