2026 жылғы 24 сәуірде «Европалық иммундау апталығы» аясында «Нейрон» медициналық орталықта вакцинацияның маңыздылығы туралы ашық есік күні өткізілді. Аталған іс-шарада Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Г. Шорбасова баяндама жасады.

Ашық есік күні қарсаңында профилактикалық егуден бас тартып жүрген ата - аналарға «Нейрон» медициналық орталығының бөлім басшылары, дәрігерлер, эпидемиологтар, қалалық мешіттің имамдары жауап берді.

Кездесу барысында иммунопрофилактиканың маңыздылығы, екпеден бас тартудың қауіп-қатері, сондай-ақ ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген соңғы өзгерістер кеңінен қарастырылды.

Мамандар вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең тиімді әрі қауіпсіз әдістердің бірі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына назар аударылды.