
Жаңаөзен қаласында санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және халықты вакцинациялау жұмыстарын жүйелеу мақсатында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Куркинбаеваның қатысуымен кездесу өтті.
Қала әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында 2026 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша қаладағы эпидемиологиялық жағдай, халықты иммундаумен қамту көрсеткіштері, сондай-ақ туберкулез аурушаңдығының 2025 жылмен салыстырғандағы динамикасы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жаңаөзен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сымбат Жексенбай баяндама жасап, №1 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры Қырмызы Балжанова туберкулез бойынша салыстырмалы талдау ұсынды.
Жиынға облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, медициналық мекемелердің жетекшілері, ауылдық округ әкімдері және өзге де жауапты сала мамандары қатысты.
Қала әкімі қорытынды сөзінде инфекциялық аурулардың алдын алу, вакцинациялау көрсеткіштерін арттыру және халық денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны жеткізілді.
Жиын қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар мен ескертулер хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелерге жолданатын болады.