
Аталған іс-шарада Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Г. Шорбасова баяндама жасады.
Семинар-кеңеске Ана мен бала орталығы басшысының м.а., неонатолог дәрігерлер, медицина қызметкерлері, эпидемиолог мамандарда қатысты.
Семинар-кеңес барысында профилактикалық екпелердің маңыздылығы, вакцинадан бас тартудың салдары, ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген өзгерістер сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Мамандар вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы тиімді, әрі қауіпсіз әдіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігілігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтарға жауап алды.
Қорытындысында вакцинация – әрбір адамның ғана емес, жалпы қоғам денсаулығын қорғаудың негізгі жолы екені тағы да атап өтілді.
#вакциналаржұмысістейді
#KAZEIW2026 #EIW2026