
Семинар-кеңесті департамент басшысы Сербаев М.У ашты. Іс-шара барысында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Б. Сатканбаева 2026 жылдың І тоқсанындағы өнімдер қауіпсіздігі мониторингінің қорытындылары мен зертханалық зерттеулер нәтижелері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары О. Имашева өнімдердің қауіпсіздігі бойынша зертханалық зерттеулер қорытындыларын таныстырды.
Семинар соңында қатысушылар арасында талқылау өткізіліп, тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 2026 жылға жоспарланған өнімдерді сатып алу жоспарының сапалы және уақытылы орындалуы бойынша ұсыныстар берілді.