
Іс-шара барысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесіне жас мамандарды тартуға ерекше назар аударылды.
Жәрмеңке аясында түлектерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіби өсу перспективалары, әлеуметтік кепілдіктер және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудегі қызметтің маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, кадрлық резервті қалыптастыру және өңірдің қоғамдық денсаулығын нығайтуға үлес қосуға дайын білікті мамандарды тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.