
Кездесу барысында халықты инфекциялық ауруларға қарсы жоспарлы екпелермен қамту мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырылды.
Кеңеске медициналық ұйымдардың басшылары мен жауапты мамандар қатысып, 2025 жыл қорытындысы және 2026 жылдың алғашқы екі айындағы эпидемиологиялық ахуал мен вакцинация көрсеткіштері талқыланды.
Жиын барысында вакцинациямен қамтуды 95 пайыздан төмендетпеу, екпеден бас тартудың алдын алу, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және вакцинациямен қамтуды арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.