
Департамент басшысы жаңа басшыға жауапты қызметінде сәттілік тілеп, ауданның санитариялық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту жолында нәтижелі еңбек ететініне сенім білдірді.
Сүйменов Мейірбек Шафурұлы 1996 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2018 жылы Астана медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2018 жылы эпидемиологиялық қадағалау саласында бастап, әр жылдары санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарында түрлі жауапты қызметтер атқарған. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 7 жылдан асады.
Жаңа басшының кәсіби тәжірибесі мен біліктілігі ауданның санитариялық-эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыруға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосады деп күтілуде.