Қатерлі ісік аурулары бүгінде өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып қалып отыр. Дегенмен мамандардың пікірінше, жағдайлардың шамамен 40–50%-ын қарапайым алдын алу шаралары арқылы болдырмауға болады.
Алдын алудың негізгі бағыттары:
- Салауатты өмір салты
- темекі шегуден толық бас тарту және пассивті темекі түтінінен сақтану;
- алкогольді шектен тыс пайдаланбау;
- дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау;
- аптасына кемінде 150 минут тұрақты дене белсенділігімен айналысу.
- Дұрыс тамақтану
- күнделікті рационға көкөністер, жемістер және дәнді дақылдарды көбірек қосу;
- қызыл және өңделген ет өнімдерін, сондай-ақ қант пен майлы тағамдарды азайту;
- D дәруменінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және тағамдық талшықтарды (клетчатка) жеткілікті мөлшерде тұтыну.
- Уақтылы медициналық тексерулер
- маммография, колоноскопия, флюорография сияқты скринингтік тексерулерден өтіп тұру;
- терідегі меңдер мен басқа да өзгерістерді бақылау;
- күмәнді немесе ерекше белгілер пайда болған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралу — ерте диагностика ем нәтижесін айтарлықтай жақсартады.