«Менингококк инфекциясының клиникасы, диагностикасы, асқынулары, емдеу, індетке қарсы іс-шаралар және зертханалық диагностикасы» бойынша семинар

«Менингококк инфекциясының клиникасы, диагностикасы,  асқынулары, емдеу, індетке қарсы іс-шаралар және зертханалық диагностикасы» бойынша семинар

Онлайн форматта ҚР ДСМ СЭБК Маңғыстау облысының  санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының 02.04.2026жылғы №112/95 бірлескен бұйрығының негізінде «Менингококк инфекциясының клиникасы, диагностикасы,  асқынулары, емдеу, індетке қарсы іс-шаралар және зертханалық диагностикасы»  тақырыбында  облыстық семинар өткізілді.

         Семинарды Маңғыстау облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының м.а. Г.У.Куркинбаева кіріспе сөзбен бастады. Семинарда Маңғыстау облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау Департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Г.С. Шорбасова «Маңғыстау облысының аймағында менингококк инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, ошақтағы індетке қарсы іс-шаралар»; Маңғыстау облыстық көпбейінді арруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисті Г.А.Нұржанова «Менингококк инфекциясының клиникасы, диагностикасы, асқынулары, емдеу»; «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы, бактериология зертханасының бактериолог дәрігері Ж.Т.Қожаева «Менингококк инфекциясының зертханалық диагностикасы» бойынша баяндамалар тыңдалды.

        Семинарға қалалық/аудандық басқарма басшылары мен мамандары, медициналық ұйымдардың эпидемиологтаыр, терапевтер, педиатрлар, инфекционистер, әскери бөлімнің медицина қызметкерлері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ВОП), медициналық жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлер қатысты.          

        Семинарда медицина қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.