
Жаңа туылған нәрестелердің іріңді-септикалық инфекциялары – өмірінің алғашқы 30 күнінде пайда болатын жұқпалы-қабыну аурулары. Негізгі себептері – стафилококк инфекциясы, шартты патогенді ішек бактериялары және күтімдегі кемшіліктер. Инфекция көзі ретінде ананың аурулары, босану жолдары және медициналық қызметкерлердің санитариялық талаптарды сақтамауы жатады.
Ең жиі кездесетін түрі – омфалит (кіндік қабынуы). Ол катаральды, іріңді және некротикалық болып бөлінеді. Ең ауыр түрі – некротикалық омфалит, ол сепсиске әкелуі мүмкін.
Сепсис – иммунитеттің әлсіздігі кезінде дамитын ауыр жалпы инфекция. Оның дамуына шала туу, ананың инфекциялары, босану жарақаты және күтімнің дұрыс болмауы әсер етеді. Негізгі белгілері: кіндік жарасының кеш жазылуы, құсу, сарғаюдың ұзақ сақталуы.
Алдын алу шаралары:
жүктілікті ерте бақылау, ананың денсаулығын сақтау, асептика ережелерін сақтау, нәрестеге дұрыс күтім жасау, қол гигиенасын сақтау және инфекция көздерімен байланысқа жол бермеу.
Бұл шаралар нәрестенің денсаулығын сақтап, иммунитетін күшейтуге көмектеседі.