2026 жылғы 18 наурызында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Маңғыстау облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірдегі білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын сапалы енгізуді қамтамасыз ету, мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға жүргізілетін мониторингтің тиімділігін арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының асханаларында санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау және тағамнан уланулардың, жіті ішек инфекциялары мен ботулизмнің алдын алу мақсатында жекеменшік білім беру ұйымдардың қызметкерлері мен ас блогы кәсіпкерлері арасында семинар өткізді.
Семинар барысында мектептерде облыс деңгейіндегі тамақтану стандарттарын енгізу барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері мен кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар берілді.