
2026 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұловтың қатысуымен Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Департаменттің аумақтық басқармаларының, сонымен қатар Ұлттық сараптама орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне кеңес өткізілді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, әдеп нормаларын сақтау, құмар ойындарға әуестік заңсыз табыс көздерін іздеуге итермелеуі мүмкін екендігі жөнінде, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» заңның жаңа жобасы туралы түсіндірме жүргізілді.
Кеңесте мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, түсіндіру жүргізілді.