2026 жылдың 13 наурызында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі мектепке дейінгі мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау және тамақтану стандартын енгізу, сондай-ақ, тамақтан уланулар мен жіті ішек инфекцияларының, ботулизмнің, қызылша ауруының алдын алу мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері арасында семинар өткізді.

Семинар барысында қаралған тақырыптар:

  • Мектепке дейінгі мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау және тамақтану стандартын енгізу;
  • Облыс бойынша қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы. Індетке қарсы іс-шаралар. Вакцинацияның маңыздылығы;
  • Қоғамдық тамақтандыру обьектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық ережелердің талаптарын сақтау, жаппай тағамнан уланулардың, ботулизмнің тіркелу себептері және олардың алдын алу.