
2026 жылғы 20 ақпанда «Қазақстан Республикасы қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шаралар туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.02.2026 ж. № 3 қаулысы талқыланып және облыс аумағында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың, атап айтқанда қызылша және эпидемиялық паротиттің алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн форматта семинар өткізілді.
Аталған семинарға қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары және мамандары, медициналық ұйымдардың басшылары, жалпы тәжірибелік дәрігері (ВОП), бөлім меңгерушілері, педиатр және эпидемиолог дәрігерлері қатысты.
Семинар барысында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы - Г. Шорбасова «Маңғыстау облысы аумағындағы қызылша инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы және ошақтарда жүргізілетін індетке қарсы іс-шаралар» және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эпидемиологы – М. Ж. Қадыр «Қазақстан Республикасындағы қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 19 ақпандағы №3 қаулысын талдау» тақырыбтарында баяндамалар жасалынды. Баяндамада өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалып, ауру ошақтарында атқарылып жатқан санитариялық-профилактикалық және індетке қарсы шаралардың тиімділігі қарастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша қызылша, паротит ауруының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру және инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейту, халық арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жандандыру, сондай-ақ вакцинациямен қамтуды арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар ұсынылды.