
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі К.Б.Матаеваның, Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Ш.Түрікпенбаеваның қатысуымен 2026 жылдың 2 наурызында Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында кеңес өткізілді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары, сонымен қатар Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша қолданылатын әкімшілік құқық бұзушылық шараларының уақытылы қолданылуы туралы талқыланды.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау мақсатында басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында анонимді сауалнама жүргізілді.