
Маңғыстау облысында обаның табиғи ошақтары орналасуына байланысты, облысымыз оба ауруының эндемиялық аймағы болып саналады. Облысымызда оба ауруы соңғы 20 жылда тіркелген жоқ. Оба ауруы соңғы рет 2003 жылы Маңғыстау ауданында тіркелді.
Оба (лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті топқа жататын зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Қоздырғышы бактерия Үеrsіnіа реstіs. Жұғу жолдары: жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.), ауа-тамшылары, трассмиссивтік (бүрге шаққанда) болады.
Сонымен қатар обаның тасымалдаушылары - бүрге, кеміргіштер (тышқан,егеуқұйрықтар,саршұнақтар т.б) арқылы жұғады.
Инфекция көзі – вирусты жұқтырған бүрге, кене немесе жабайы кеміргіш жануарлармен байланыста болу арқылы жұғады. Сонымен қатар өкпелік обасы бар науқаспен байланыста болған сау адамға, ауа тамшылары арқылы беріледі.
Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 2-6 күн немесе апта. Оба таяқшасы кемірушілер денесінде 4–5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді.
Алдын алу жолдары:
Арнайы және арнайы емес жолдары бар.
Арнайы ол – алдын ала обаға қарсы екпе алу. ( вакцинациялауды жоспарлы түрде жасайды және эпидемиялық көрсетілімдер бойынша бір рет, қайта вакцинациялауды соңғы егуден кейін 12 айдан кейін жасайды). Екпені жүргізуге жоғары және орта медициналық білімі бар,екпелерді жүргізу техникасының қағидаларына, иммундаудан кейін жағымсыз жағдайлар өршіген жағдайда шұғыл көмек тәсілдеріне оқытылған, екпелерді жүргізуге рұқсаты бар медицина қызметкері жүргізеді.
Арнайы емес ол – 1.эпидемиялық әлеуетті анықтау (табиғи және әлеуметтік факторлар)