
2026 жылғы 6 ақпан күні Ақтау қалалық «Нейрон» емханасында, Маңғыстау облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының 05.02.2026 жылғы №34/34 бірлескен бұйрығына сәйкес «Қызылша инфекциясының клиникасы, диагностикасы, асқынулары, емдеу, індетке қарсы іс-шаралар және зертханалық диагностикасы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарды Маңғыстау облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.Куркинбаева және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Б.Дүйсенбаева кіріспе сөздерімен бастады. Семинарда Маңғыстау облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Г.Шорбасова «Маңғыстау облысының аймағында қызылша инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, ошақтағы індетке қарсы іс-шаралар»; Маңғыстау облыстық көпбейінді арруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі, Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисті А.Нуржанова «Қызылша инфекциясының клиникасы, диагностикасы, асқынулары, емдеу»; Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының неврология бөлімшесінің меңгерушісі, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас невропатологы Т.Алдабергенова «Қызылша инфекциясының асқынулары»; «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы, вирусология зертханасының меңгерушісі, вирусолог А.Бектұрған «Қызылша инфекциясының зертханалық диагностика» бойынша баяндамалар жасалды.
Семинарға басқарма басшылары мен мамандары, эпидемиологтар, терапевтер, педиатрлар, инфекционистер, әскери медицина қызметкерлері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ВОП), фельдшерлер және практиканттар қатысты.
Семинарда медицина қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.