
Салауатты мектеп – болашаққа бағытталған маңызды жоба!
Бұл бастама оқушылардың денсаулығын нығайтуға, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, күнделікті қозғалыс белсенділігін арттыруға және психологиялық саулықты қолдауға бағытталған.
Жоба аясында спорттық және дене шынықтыру іс-шаралары, пайдалы әдеттерді дамытуға арналған тренингтер, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыру жұмыстары жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты – әрбір оқушының денсаулығын басты орынға қоятын, белсенді, қауіпсіз және қолайлы білім беру кеңістігін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже – дені сау, жан-жақты дамыған, өмірлік белсенді ұрпақ тәрбиелеу.