Қызылша ауруының эпидемиологиялық алдын алу бойынша

Қызылша ауруының эпидемиологиялық алдын алу бойынша

2026 жылғы 29 қаңтарда қызылша ауруының тіркелуіне байланысты Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Г.Шорбасова, Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қ.Есмурзаева, №34 «Балдырған» және «Бибилон» балабақшаларының меңгерушілері мен мейірбекелері, №3 КММ интернат үйінің мейірбекесінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.

Өткізілген кеңесте қызылша ауруының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында ошақтарда жүргізілген іс-шаралар талқыланды.

Кеңес барысында эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін ауруға қарсы жоспарлы  профилактикалық егу жұмыстарын күшейтуді, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жандандыру бағытында тиісті тапсырмалар берілді.