
Бүгін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Мұхтар Сербаев болашақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби бағдарлау мақсатында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ол санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мақсаты, департамент жұмысының негізгі бағыттары, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ жас мамандарға деген сұраныс пен олардың кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы айтып өтті.
Кездесу соңында Мұхтар Сербаев студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларға оқуында және алдағы кәсіби қызметінде табыс тіледі.