Суды дұрыс ішу – денсаулықтың негізі

Суды дұрыс ішу – денсаулықтың негізі

Су адам ағзасындағы барлық процестерге қатысады:

– дене температурасын реттейді;

– токсиндерді шығарады;

– қан айналымы, жүрек, бүйрек пен ас қорыту жүйесінің жұмысын қолдайды;

– сусыздануды болдырмайды және физикалық белсенділікке жағымды әсер етеді.

Күніне қанша су ішу керек?

Ересек адамға тәулігіне салмағының әр 1 кг-на шамамен 30–40 мл су қажет. Орта есеппен бұл күніне 1,5–2,5 литр. Мұның ішіне тек таза су ғана емес, тағам құрамындағы және басқа сусындардағы сұйықтықтар да кіреді.

Қалай және не ішу керек?

– Таңертең оянған соң бір стақан су ішіңіз.

– Күні бойы суды аз-аздан ішкен дұрыс.

– Таза ауыз суын, шайдың жеңіл түрлерін, табиғи шырындарды (сумен сұйылтылған) таңдаған жөн.

– Қантты газдалған сусындар, энергетиктер, алкоголь және кофе көп мөлшерде сусыздануға әкелуі мүмкін, сондықтан шектеген дұрыс.

Дұрыс су ішу режимі денсаулыққа, жалпы көңіл күйге және жұмыс қабілетіне оң әсер етеді. Әсіресе ыстық мезгілдерде, жоғары температурада немесе белсенді физикалық жүктемеде су ішу аса маңызды.