Кардиоваскулярлық аурулардың алдын алу

Кардиоваскулярлық аурулардың алдын алу

Жүрек-қан тамырлары аурулары – әлемдегі өлімнің ең жиі кездесетін себептерінің бірі. Негізгі қауіп факторлары: дұрыс тамақтанбау, шамадан тыс тұз, май, қант пайдалану, темекі шегу, алкоголь, стресc, артық салмақ, қимылсыз өмір салты.

Алдын алу жолдары:

  • Дене белсенділігін арттыру
  • Стресс деңгейін азайту, психологиялық жайлылықты сақтау
  • Дұрыс, теңгерімді тамақтану
  • Темекі мен алкогольден бас тарту
  • Жеткілікті ұйықтау және күндіз демалу

Бұл әдеттер жүрек ауруларының қаупін айтарлықтай төмендетеді.