
Қант қосылған сусындар (газдалған және газдалмаған сусындар, шырындар, хош иісті сулар, энергетикалық және спорттық сусындар, тәтті шай мен кофе) – тағамдық құндылығы жоқ, бос калория көзі.
Қантты тәуліктік тұтыну мөлшері жалпы энергияның 10%-ынан аз, ал жақсырақ әсер үшін 5%-дан төмен болуы керек.
Тәтті сусындарды көп ішу келесі аурулардың қаупін арттырады:
* Семіздік және метаболикалық синдром
* 2 типті қант диабеті
* гипертония
* жүрек-қан тамырлары аурулары
* тіс кариесі