
Денсаулық (ДДҰ анықтамасы бойынша) – бұл аурудың болмауы ғана емес, адамның толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатының жағдайы.
Психикалық денсаулық – адамның өзіне риза болуы, күнделікті істерін тиімді орындауы.
Психикалық сау адам жетістігіне қанағаттанады, қателігінен сабақ алады, демалып, сүйікті ісімен айналысады және өз сезімін бөлісе біледі.
Әлеуметтік денсаулық – адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната алу қабілеті.
Әлеуметтік сау адам айналасындағыларды құрметтейді, көмек көрсетеді, салауатты байланыс орнатып, өз ойын ашық жеткізе алады.