Электрондық темекі (вейп) — бұл никотинді немесе никотинсіз сұйықтықты буландырып, оны бу түрінде тыныс арқылы ішке тартуға арналған электронды құрылғы.

Электрондық темекі (вейп) — бұл никотинді немесе никотинсіз сұйықтықты буландырып, оны бу түрінде тыныс арқылы ішке тартуға арналған электронды құрылғы.
Ол әдеттегі темекідегі түтіннің орнына бу шығарады, сондықтан көп адам оны “қауіпсіз балама” деп ойлайды. Бірақ бұл — қате түсінік.
Электрондық темекінің құрамында:
• Никотин (тәуелділік тудырады);
• Пропиленгликоль мен глицерин (будың негізі);
• Хош иістендіргіштер мен химиялық қоспалар болады.
Жұмыс істеу принципі: құрылғыдағы батарея қыздыру элементін іске қосып, сұйықтықты буға айналдырады. Пайдаланушы сол буды жұтады.
Зияны: электрондық темекі де никотин арқылы ағзаға кері әсер етеді — өкпе, жүрек, жүйке жүйесін зақымдайды және темекіге тәуелділікті қалыптастырады.