Жасөспірімдерде салауатты өмір салтын қалыптастыру

Жасөспірімдерде салауатты өмір салтын қалыптастыру
Дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік және салауатты өмір салты — балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының негізі. Ересектер (ата-аналар, мұғалімдер, жаттықтырушылар) өз үлгісімен балаларға әсер етіп, созылмалы аурулардың алдын алады.
Балаларды темекі, алкоголь және зиянды тағамдардың жарнамасынан қорғау маңызды, себебі жосықсыз маркетинг олардың дұрыс емес таңдау жасау ықтималдығын арттырады.
 
Алдын алу шаралары:
• Күніне кемінде 60 минут орташа және жоғары қарқынды физикалық белсенділікпен айналысу.
• Аптасына 3 рет жоғары қарқынды және бұлшық етті нығайтатын жаттығулар жасау.
• Күніне кемінде 400 г көкөніс пен жеміс жеу, терең өңделген тағамды азайту.
• Көп су ішу, тәтті, тұзды және транс майы көп тағамдардан бас тарту.
• Экран алдында өткізетін уақытты шектеу.
• Темекі мен вапингтен бас тарту, себебі никотин мидың дамуына және оқу қабілетіне зиян келтіреді.
 
Қорытынды:
Салауатты өмір салтын ұстану — денсаулық пен жақсы болашақтың кепілі.