Қазақстанның жоғары оқу орындары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты университеттер» бастамасын кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. Жобаның мақсаты – университеттерді тек білім мен ғылым орталығы емес, сонымен қатар денсаулық пен әл-ауқаттың тірегіне айналдыру.

Студенттік кезең – өмір салты мен денсаулыққа қатысты маңызды дағдылар қалыптасатын уақыт. Сондықтан жоба аясында:
• спорттық инфрақұрылым мен дене белсенділікті дамыту,
• дұрыс тамақтану жағдайын жасау,
• зиянды әдеттердің алдын алу,
• психикалық денсаулық пен күйзелісті басқаруға қолдау көрсету,
• экологиялық және еріктілік бастамаларды дамыту көзделген.
Сонымен бірге әлеуметтік қолдау мен тең мүмкіндіктерге назар аударылады. Университеттер сенім мен өзара құрметке негізделген, әркімнің денсаулығы бағаланатын ортаға айналады.
Бұл жоба студенттер мен оқытушылардың өмір сапасын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттайтын жаңа буын мамандарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Салауатты университеттер» – елдің болашағына, денсаулық пен әл-ауқатқа салынған инвестиция.