2025 жылғы 11 қыркүйекте Мұнайлы ауданында №8 мектептің акті залында кеңес өтті. Жиынға жергілікті әкімдік, білім беру ұйымдары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары және медицина саласының өкілдері қатысты.
Кеңесте мектептерде, бала-бақшаларда және қоғамдық тамақтану орындарында қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыру, санитариялық талаптарды сақтау, сонымен қатар, эпидемиологиялық ахуал мен халықты жоспарлы екпелермен қамту мәселелері қаралды.
Мамандар балалардың денсаулығын қорғау мен сапалы тамақтандыруды қамтамасыз ету бағытындағы бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.