Тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және короновирус инфекциясы (COVID-19) бойынша 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс шаралар жүргізу бойынша облыстық семинар

Тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және короновирус инфекциясы (COVID-19) бойынша 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс шаралар жүргізу бойынша облыстық семинар

2025 жылғы 12 қыркүйек күні медицина қызметкерлерінің қатысуымен Маңғыстау облысының  санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бірлескен бұйрығының негізінде облыстың медицина қызметкерлері арасында тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы 47 «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) менингококк инфекциясы,(COVID-19) короновирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында  облыстық семинар өткізілді.

Семинар Маңғыстау облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Г.Куркинбаеваның алғы сөзімен басталып, Маңғыстау облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау Департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Г.Шорбасова және Тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы- М.Рахметова баяндама жасады.        Семинарда медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.