Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы – басты назарда

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы – басты назарда

Үстіміздегі жылдың 2-ші қыркүйек күні, Маңғыстау өңіріндегі санитариялық – эпидемиологиялық ахуал, жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында жүргізілетін халықтың белгіленген топтарын екпелермен мерзімінде толық қамту мәселесі, мектептерде, балабақшаларда және қоғамдық тамақтану орындарында сапасыз тамақтан жаппай улануларды болдырмау сұрақтары Департаменттің өндірістік кеңесінде қаралды. Кеңеске Департаменттің жергілікті басқармалары және бөлім басшылары қатыстырылып, Департамент басшысы М. Сербаев қажетті тапсырмалар берді.
Жалпы халықтың санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылығы, өңірдегі бірқалыпты санитариялық- эпидемиологиялық жағдайды қамтамсыз етуге бағытталған іс- шаралар Департамент жұмысының басты бағыттары.