Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ардагері Ақмоншақ Қажығалиқызы 01.01.1955ж. туылған, 1976 жылы Республикалық медицина училищесін санитарлық фельдшер мамандығы бойынша бітірген. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметіндегі жалпы еңбек өтілі 37 жыл. Еңбек жолын 1976 жылы Ақтөбе облысының Мұғаджар аудандық санэпидстанциясында санитарлық дәрігердің көмекшісі қызметінде бастап, осы мекемеде 2 жыл еңбек еткен. 1978 жылдан бастап Маңғыстау облысының қалалық және облыстық санэпидстанцияларында еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігердің көмекшісі қызметін атқарды.
2003 жылы облыстың санэпидқызметінің атауы өзгеруі арқылы қайта құрылуына байланысты Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекші маман қызметіне тағайындалды. 35 жыл бойы бір салада, яғни еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігердің көмекшісі болып еңбектенді.
Санитарлық дәрігердің көмекшісі мамандығы бойынша жоғарғы біліктілік санаты бар.
Мемлекеттік санэпидқадағалау органдарында 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап штаттың қысқартылуына байланысты А.Қажғалиқызы зейнеткер ретінде қызметінен босатылады.
Ақмоншақ Қажығалиқызы Құрмет грамоталары, Алғыс хаттармен және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.